Мәдениет • 16 Сәуір, 2023

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай 500-ден астам іс-шара өтеді

890 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Азһардың Бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шарифті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай 500-ден астам іс-шара өтеді

Кездесу барысында Қазақстан елшісі шейх А. ат-Тайебті биылғы жылы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын тойлау аясында өтетін іс-шаралармен таныстырып өтті.

Әл-Азһар шейхі өз тарапынан Каирдегі әз-Заһир Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылуына орай, сондай-ақ әл-Азһар университетінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізу бойынша мүдделі мысырлық мекемелерге тиісті тапсырмаларын берді.

Айта кететін жайт, мерейтойға қатысты 500-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланса, оның 50-ге жуығы халықаралық және республикалық деңгейде өткізілмек. Бұл іс-шаралар мәдени-ағарту және білім беру салаларында ұлы Сұлтан Бейбарыс мұрасын кеңінен насихаттауды көздейді. 2023 жылғы 24 ақпанда Астанада көрнекті қолбасшы Сұлтан Бейбарыс атындағы көше ашылды.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38