Білім • 25 Тамыз, 2021

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында қанша мектеп салынады?

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа қала әкімі Алтай Көлгінов тамыз айындағы онлайн-кеңесте жауап берді, деп жазады Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында қанша мектеп салынады?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі биыл 15 мектеп салынатынын атап өтті. Бұл 40 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ордасы. Жоспарлы көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе және 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.

Құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы да ескеріледі: IT және STEM-кабинеттер арқылы оқушылар 3D-объектілерді құра алады, роботтарды жасап үйреніп, ғылыми-техникалық білімдерін бірден практикада қолдануға мүмкіндік туады. Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарында салынып жатыр.

Елордада алдағы 5 жылда жол картасы аясында 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Оқу орындарын салу, оның ішінде жеке инвестиция тарту есебінен жүргізілуде. Бұл үш ауысымды және оқушылары тым көп мектептердің проблемасын шешеді.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38