«30 наурызда Целиноград ауданының кезекші бөліміне бейтаныс біреу ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, 96-станцияның маңына тікұшақ құлағаны туралы хабарлаған. Алынған ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына жедел тергеу тобы барды», деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тексеріс нәтижесінде,сол күні тағы бір ауыл тұрғыны 109-ға қоңырау шалғаны белгілі болды. Ол да Ынтымақ ауылындағы 96-шы бекет жанында ұшақ құлағанын, ал тұрғын жанып жатқан тікұшақ түтінін өз көзімен көргенін хабарлады.
Полиция қызметкерлері бұл ақпараттың барлығы ауыл тұрғындарының бір-бірінен есітіп алған алып-қашпа әңгімесі екенін анықтады. Тексеру нәтижесінде телефон хабарламасында көрсетілген ақпарат расталмаған.