Алматыда пандемия басталғалы 18 163 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау мақсатында Алматыда құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері енген 32 мониторингтік топ күшейтілген жұмыстарын жалғастырып жатыр.
8 қазан мен 27 желтоқсан аралығында 648 іс-шара өткізілді, оның барысында 5464 нысан қамтылды, оның ішінде 1100-інде (20,1%) карантиндік шараларды бұзу фактілері анықталды.
Сонымен бірге, 25-27 желтоқсан аралығында түнгі аралау барысында 122 нысан тексерілді, 14 нысанда жұмыс режимі бойынша бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар жалпы тексеру нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 78,1 млн теңгеге 959 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.