Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Қостанай облысында 30 білім ғимараты күрделі жөндеуден өтеді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім басқармасының мәліметінше, биыл аймақта жалпы сомасы 13,1 млрд теңге қаржыға 3 мектеп салынып, 30 білім ғимаратына күрделі, 102 нысанға кезекті жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауқымды жобалар «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл - Ел бесiгi» бағдарламалары арқылы және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылмақ.

Қостанай облысында 30 білім ғимараты күрделі жөндеуден өтеді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында облыста 2020 жылғы құрылыс жобалары мен күрделі және жеңіл жөндеуден өтетін нысандар тізімі жасалған. Бұл тізімге жалпы сомасы 9,2 млрд теңге болатын 35 инфрақұрылымдық жоба еніп отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2300 уақытша жұмыс орны ашылмақ.

Мәселен, Қарасу ауылындағы апатты жағдайда тұрған білім ошағының орнына таяуда 320 орындық жаңа мектеп құрылысы басталады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылатын бұл жобаның құны – 1.3 млрд теңге. Жаңа мектептің құрылысы биыл желтоқсан айына дейін аяқталмақ.

Білім нысандарын күрделі жөндеуден өткізу бойынша аймақта қазірше жалпы құны 7,4 млрд теңге болатын 23 жоба жоспарланып отыр.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37