Оқиға • Бүгін, 15:25

Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Swiss International Air Lines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды. Ұшақ Сеулден Цюрихке бет алған, деп жазады Egemen.kz.

Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды

Фото: commons.wikimedia.org

Flightradar24 порталының мәліметінше, жолаушылар ұшағы сәрсенбі күні Астана уақытымен сағат 05:38-де Оңтүстік Корея астанасынан ұшып шыққан. Ал сағат 12:54-те Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ шамамен Қарағанды облысы аспанында ұшып бара жатқан уақытта кері бұрылған. Порталда Airbus мәртебесі «Diverted to ALA» деп өзгертілген, ұшақ Алматыға қайта бағыт алған.

Сеулден Астанаға бет алған ұшақ Бейжіңге шұғыл қонды

пп

Swiss International компаниясына тиесілі ұшақтың шұғыл қону себебі әзірге жарияланбаған. 

Соңғы жаңалықтар