Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2002 материал табылды

Саясат • Кеше

Ашық, сындарлы диалог жалғасады

Облыс әкімдігінде өткен актив отырысында еліміздің жаңа Конс­титуциясының жобасы талқыланды. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық мәс­лихат, қоғамдық кеңес төрағалары, сала басшылары қатысты.

Экономика • 03 Ақпан, 2026

Май зауыты шикізатқа зәру

Өткен жылы 873 500 гектарға майлы дақыл тұқымын еккен өңір диқандары орташа есеппен гектарына 10 центнерден өнім алып, 900 мың тоннаға жуық майлы дақыл жинады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда, бір жарым есе жоғары дейді.

Экономика • 30 Қаңтар, 2026

Балық шаруашылығына серпін береді

Биылдан бастап бағалы балық өсіретін шағын фермалар субсидия ала бастайды. Мемлекет бұған дейін жылына, кем дегенде, 45 тонна өнім шығаратын шаруашылықтарды ғана қаржылай демеп келген. Биыл инвестициялық субсидия алу шегі 25 тоннаға дейін төмендетілді. Аквамәдениет саласындағы шағын бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау аясының кеңеюі өңірде балық шаруашылығының дамуына едәуір серпін береді дейді.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026

Қостанайда үшем дүниеге келді

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сүйінші хабарды жеткізген дәрігерлердің айтуынша, бұл – өңірде соңғы 3 жыл ішінде туған алғашқы үшем, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 27 Қаңтар, 2026

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акциясы өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде алғаш рет ұйымдастырылған игі шараға прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті құрылым өкілдері, сондай-ақ жұмыс берушілер, оқу орталықтарының басшылары мен волонтерлер қатысты.

Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026

Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қолға алынған жоба құқық бұзушылықтың алдын алуға  бағытталған. Жобаның таныстырылымында өңірде тіркелген әрбір екі қылмыстың біреуі Қостанай қаласында жасалатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026

Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр

Сақылдаған сары аяз тозығы жеткен су құбырларын шыдатар емес. Осыдан он күн бұрынғы қақаған суықта Баймағаметов көшесіндегі құбыр желісі жарылып, тұрғындар бір жарым тәулік бойы сусыз қалып еді. Кешегі үскірік аязда тағы бір құбыр жарылып, 6 көппәтерлі үй, 11 жеке тұрғын үй, 4 комерциялық нысан сусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 22 Қаңтар, 2026

Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?

Қостанай қаласында жалпы білім беретін 40 шақты мектеп бар. Оның 10-ы мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде, 8-і аралас тілде білім береді.  Қала мектептерінде оқитын 20 мыңға жуық қарагөз жас өскіннің 36 пайызы ғана өз ана тілінде білім алады. Яғни, қазақ балаларының 64 пайызы өзге тілде оқып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға бос жұмыс орындарын қалай табуға болады?

Тобыл қаласындағы «Алтын дән» аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. «Мүмкіндік» деп аталған іс-шара Қостанай облысының Өңірлік жобалық кеңсесінің 2026 жылға арналған заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жоспары аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәдігер • 22 Қаңтар, 2026

Музей төріндегі тоқыма портрет

Қостанайдағы геологиялық музейге кірсеңіз, экспозиция за­лының төріне ілінген әйгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаев­тың түкті кілемше тү­рінде тоқылған портретін көресіз. Хас шебердің қолынан шыққан өнер туын­дысын осыдан ширек ғасыр бұрын Қ.Сәтбаев атындағы геология ғы­лымдары институтының өкілдері тарту еткен.

Яндекс.Метрика