Теннис • 25 Қараша, 2019

Плей-офф кезеңіне шыға алмады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мадридте (Испания) бір аптаға созылған теннистен Дэвис кубогының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Әлемнің үздік 18 командасы қатысқан бәсекеде отандастарымыз да бақ сынаған болатын.

Плей-офф кезеңіне шыға алмады

Нидерланд және Ұлыбритания құра­маларымен бір топта сынға түскен Қазақстан теннисшілері «Қызғалдақтар елінен» келген қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түссе, кейіннен Энди Маррей бастаған Ұлы­британия құрамасымен өткен бәсекеде қандастарымыз 1:2 есебімен жол берді. Осылайша бір ойын­да жеңіп, екінші ойында жеңілген қазақ­стандық теннисшілер өз тобында екінші орын алғанымен, ширек финалға шыға алмады.

Дэвис кубогының ¼ бәсекесіне Аус­тралия, Канада, Сербия, Ресей,  Ұлыбритания, Германия, Аргентина, Испания құрамалары шыққанымен, финалға тек Канада және жарыс қожайындары Испания теннисшілері жолдама алды.

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58