Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда IT-экспорт көлемі импортқа жұмсалған шығыннан 2,6 есе жоғары. Бұл Қазақстанның цифрлық экожүйесі тұрақты түрде дамып келе жатқанын айғақтайды.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, қазақстандық IT-шешімдер әлемнің 110-нан астам елінде қолданылады. Негізгі мақсат – отандық инновацияларды жаһандық цифрлық нарыққа шығару және халықаралық қосылған құн тізбегіне интеграциялау.
«Qazaq Digital Mektebi»: Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтық жойыла ма?
Цифрлық даму саласындағы басты драйверлердің бірі – Astana Hub. Оның резидент компанияларының экспорттық табысы 633 млн долларға жеткен. Қазіргі таңда 537 компания шетел нарығында жұмыс істеп, олардың географиясы Германия, Испания, Нидерланды және БАӘ елдерін қамтиды. Экожүйеде 32,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.
Сонымен қатар e-residency жобасы арқылы 6 мыңнан астам шетелдік маман Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымына қол жеткізген.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, 1 млрд долларлық межеге жету – жүйелі мемлекеттік қолдау мен экожүйелік дамудың нәтижесі.
Қазақстанның жаһандық технологиялық ықпалы халықаралық хабтар арқылы да кеңеюде. Пало-Альто, Шанхай және Дубайда инновациялық алаңдар жұмыс істейді. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия бағыты да жаңа басымдыққа айналуда.