Президент • Бүгін, 14:20

Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады

70 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, кәсіби мереке қарсаңында ғылым саласында зор жетістікке жеткен және жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп жазады Egemen.kz.

Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Фото: Ақорда

Ғылым саласындағы үлкен жетістіктері және жоғары білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталды:

«Парасат» орденімен

Дүйсекова Күләш Керімбекқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры

Монтаев Сәрсенбек Әлиақбарұлы – «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ зертханасының жетекшісі;

рр

«Құрмет» орденімен

Дүйсен Ғалымжан Мұстахимұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» РМК бас директорының орынбасары

Көлдеев Ержан Итеменұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ проректоры

Мерц Виктор Карлович – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері

Орынбаев Мұхит Бармақұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері

Приходько Николай Георгиевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемалары институты» РМК бас ғылыми қызметкері

Түсіпбаев Несіпбай Қуандықұлы – «Металлургия және кен байыту институты» АҚ зертханасының меңгерушісі; 

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен

Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлы – «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Басқару институтының қауымдастырылған профессоры

Әбдікенов Бейбіт Болатқазыұлы – «Аstana IT University» ЖШС директоры

Батрышев Дидар Ғалымұлы – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ ғылыми қызметкері

Белгібаева Анаргүл Сәрсенбайқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ профессоры

Бөргеков Дарын Боранбайұлы – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Ядролық физика институты» РМК Астана филиалының  директоры

Догадкин Дмитрий Сергеевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ зерттеуші инженері

Ермұхамбетова Әсия Әмірханқызы – «Жас ғалымдар альянсы» ҚБ төрағасы  

Кеңесов Болат Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» ЖҒҰ профессоры

Конкина Гүлбаршын Спанқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» КеАҚ профессоры

Қасымов Асқар Бағдатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Шәкәрім университеті» КеАҚ профессоры

Лутай Сергей Сергеевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ аға оқытушысы

Махамбетов Ерболат Нысаналыұлы – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалының зертхана меңгерушісі

Өтепов Елбек Бақытұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры

Перфильева Анастасия Викторовна – Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Генетика және физиология институты» РМК қауымдастырылған профессоры

Тауанов Жандос Төреғұлұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Жастар кеңесінің төрағасы

Тәжібаев Еркебұлан Мұратұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма мүшесі – проректоры

Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» ЖҒҰ ғылыми орталығының басшысы

Укин Сымбат Кенжебекұлы – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры

Шлимас Дмитрий Игорьевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ оқытушысы-зерттеушісі;

вв

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді

Омаров Амангелді Жұмағалиұлы – «Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті» мекемесінің президенті;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді

Қадыржанов Қайрат Қамалұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ аға ғылыми қызметкері.

Мемлекет басшысы салтанатты жиында «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50