Еліміздегі табиғи гидроэнергетикалық қуат қорының 65 пайызы Алматы облысына тиесілі. Өңірдегі арынды тау өзендерінің қуатын пайдалану бойынша шағын су электр стансалары Сарқан, Ақсу, Ескелді, Райымбек аудандары мен Текелі, Қапшағай қалаларында салынуда. Бұл – ГЭС-тер салудың халыққа
тиімділігін көрсетеді.
Жетісу жерін электр қуатымен толық қамтамасыз ету мүмкіндігі Мойнақ су электр стансасы құрылысының басталуымен дәлелденген еді. Ол құрылыс 1985-1992 жылдары жүргізіліп, заман ағымына орай тоқтап қалған болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасының ұйғарымымен осынау алып құрылыс қайта жанданды. Ал Мойнақ ГЭС-і Швейцария мен Қытайдан кейінгі жер астын ұңғылау әдісімен салынған дүние жүзіндегі үшінші су электр стансасы болып саналады.
Мойнақтан алынатын жарық көзі КЕГОК акционерлік қоғамының Шелек ауылы мен Қапшағай қаласының ортасындағы «Робот» атты қосымша стансасына беріліп, одан әрі еліміздің оңтүстік аймағына таратылады. Мойнақ ГЭС-інің бір жылда беретін электр қуаты 1 млрд 27 млн киловатт сағатты құрайды. Алып су электр стансасы болғандықтан бірінші кезекте өңірге электр қуатын үзбей берудің бірден-бір кепілі. Экологиялық тұрғыдан алғанда өте таза, ешқандай көмір, газ жағылмайды.
Тау өзендерін тиімді пайдалану арқылы табиғи электр қуатын алу Сарқан өңірінде де жанданып келеді. Оның негізін Қазақ политехникалық институтының түлегі Мэлс Разбекұлы 1982 жылы қалаған болатын. Алғашында екі генератор арқылы сағатына 480 кВт электр қуаты өндірілсе, Сарқан өңірінде бүгінде ұзындығы 98 метрлік 4 құбыр арқылы секундына 10 текше метр су пайдаланылып, сағатына 2400 кВт электр қуаты өндірілуде. Бір жылда 12 млн кВт электр қуаты өндіріледі.
Шағын су электр стансаларын салудың өңірде жақсы дамып келе жатқанына мысал ретінде Лепсі, Басқан, Сарқан өзендеріне 8 шағын ГЭС салынғанын айтсақ та жеткілікті.
Жалпы, Алматы облысында қуаттылығы 751,8 мВт болатын 19 ГЭС бар. Өндірілетін электр қуаты арнаулы желілер арқылы еліміздегі бірден-бір монополист болып табылатын «КЕГОК» акционерлік қоғамына жіберіледі екен. Аймақта өндірілген қуат көзінің құны Алматы қаласы мен сол өңірдегі тұтынушыларға 2014 жылы 14,47 теңгеден сатылса, 2016 жылы 16,1 теңгеге көтерілген.
Жалпы, шағын су электр стансаларында өндірілетін электр қуаты меншік иелерінің пайдалануынан әріге аспай тұр. Ірілендірілген электр стансаларында өндірілетін қуат көзі орталықтандырылған жүйе арқылы айналып келгендіктен құны артып, бағасы қымбаттау болып отыр.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы

Пойыз дәретханасында болған келеңсіздіктен кейін жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
Қоғам • Бүгін, 22:43
«Дала академигі» атанған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл
Қоғам • Бүгін, 21:33
Испанияда Ла Лига төрешілерінің жұмысын жасанды интеллект бағалайды
Спорт • Бүгін, 20:45
Еліміздің шығыс гарнизондарындағы жауынгерлік дайындық тексерілді
Әскер • Бүгін, 20:14
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Бүгін, 19:41
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Ғылым • Бүгін, 18:55
«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22