Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі тамақ өнеркәсібіндегі тұтынушылардың басым бөлігі тұтынатын макарон, ұн және сүт өнімдерін жоғары сапада дайындайтын «Алтын дән» ЖШС-не арнайы барып, ондағы жұмыстармен танысты, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Серіктестікті аралау барысында облыс басшысы отандық өнімге мемлекеттік тапсырысты күшейтуге нақты жұмыс жоспарын құру керек екендігін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Сондай-ақ, кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында аймақ басшысы кəсіпкерлер үшін əкімшілік кедергілерді жою мақсатында нақты іс-шаралар қолға алынып, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Компания сұранысы ең жоғары тағамдарды сапалы түрде өндірумен қатар, 1200-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мұндай компаниялар кәсіп ашып, жұмыс бастағысы келген азаматтарға тәп-тәуір үлгі деп білемін. Сондықтан, біз осы серіктестік секілді шағын және орта бизнес өкілдерін одан әрі көбейтіп, отандық өнімдер түрін көбейтуіміз керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Айта кету керек, өз жұмысын 1998 жылы бастаған жергілікті «Алтын дән» кәсіпорны ел нарығында ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшылардың қатарында. Серіктестікте жылына 8 мың тоннаға жуық макарон, 981 тонна сүт, 154 тонна ұн өнімдері өндірілсе, ұн өнімдерінің 60 пайызы көршілес мемлекеттерге экспортталады.

Атырауда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді
Заң • Бүгін, 19:35
АҚШ билігі грин-картаға өтініш беруді қиындатты
Әлем • Бүгін, 19:05
Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады
Қоғам • Бүгін, 18:55
Қазақстанның оқушылары халықаралық марапатқа ие болды
Білім • Бүгін, 18:30
Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды
Заң • Бүгін, 18:15
Футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табысталды
Спорт • Бүгін, 17:55
Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 17:42
Қызылордада 18 мыңға жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты
Қоғам • Бүгін, 17:12
Астанада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды
Білім • Бүгін, 16:58
АҚШ пен Иран көліссөздері жалғасып жатыр
Әлем • Бүгін, 16:25
Қазақстан тағы бір спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайды
Спорт • Бүгін, 16:14
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Ардагерлер Кеңесі ұлттық ойынды дамытуға бірге кірісті
Руханият • Бүгін, 15:50
Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты
Қоғам • Бүгін, 15:23
ДДҰ дабыл қақты: Конгодағы Эбола індетінен 177 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:05