Қазақстан • 03 Сәуір, 2017

Қазақстан өңірлерінде кедендік рәсімдеу аймағы құрылады

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен еліміздің барлық өңірінде кедендік рәсімдеу аймағы құрылады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

Қазақстан өңірлерінде кедендік рәсімдеу аймағы құрылады

«Әрбір өңірде кедендік рәсімдеу аймағын құру туралы шешім қабылданды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыстарға ұсыныс жасап отыр. Егер бізде серіктестер болса, онда ол беруге дайын. Кедендік рәсімдеу аймақтары стандартқа сай, бизнеске ыңғайлы болуы үшін палатаға бермек. Біз жеке инвесторлармен бұл жұмысты жүзеге асыруымыз қажет. Нәтижесінде палатаның беделі мен мүмкіншілігі көтерілетін болады», - деді Мырзахметов. 

Оның айтуынша, Үкімет басшысы кеден арқылы жүктердің жедел өтуі жұмыстарын жеке бақылауында ұстап отыр. 

Бір айта кетерлігі, Премьер-Министр Ақтауға үш мәрте барып, жағдайды зерделеп қайтты. Нәтижесінде құжаттар саны қысқартылып, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау кеденде жүзеге асырылатын болды. 

Соңғы жаңалықтар

Шерхан және Гамлет

Өнер • Бүгін, 15:25

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02