Бизнес • 03 Сәуір, 2017

Қазақстан мен Түркия бірлескен Сауда-өнеркәсіп палатасын құрды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Түркия бірлескен Сауда-өнеркәсіп палатасын құрады. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлімдеді.

Қазақстан мен Түркия бірлескен Сауда-өнеркәсіп палатасын құрды

"Түркітілдес мемлекеттер іскерлік кеңесінің 5-отырысында Қазақстан мен Түркия арасында бірлескен Сауда-өнеркәсіп палатасын құру мәселелері талқыланады. Оның аясында Түркиямен жұмыс істеп жатқан салалық қауымдастықтар мен кәсіпкерлер біріктіріледі. Ол біздің қарым-қатынастарды тереңдетуге, кедергілерді жоюға қызмет етеді", - деді Нұржан Әлтаев. Оның айтуынша, палатаның басты мақсаты - Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, Қазақстан мен Түркия кәсiпкерлерiнiң арасындағы қарым-қатынасты нығайту. 

Нұржан Әлтаев Түркия бизнесмендерi инвестиция жағынан Қазақстанға өте үлкен қызығушылық танытқанын атап өтті. Сонымен қатар өзара сауда айналымда ең үлкен үлесті Қазақстаннан Түркияға бағытталатын экспорт иеленетіндігін айтты. Бірақ Қазақстан негізінен шикізат тауарларын тасымалдайды. Оның айтуынша, жақын уақыттары Түркітілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесіне Өзбекстан да кіруі мүмкін.   

Палатаның Астана мен Ыстанбұл қалаларында екі кеңсесі болады. 

Соңғы жаңалықтар

Шерхан және Гамлет

Өнер • Бүгін, 15:25

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02