Спортты дамыту бағдарламасы аясында СӨС насихаттауды ақпараттық қолдауды және БАҚ, сонымен қатар Интернет кеңістіктегі ақпараттар көлемін ұлғайту; жылына өтетін спорттық-бұқаралық шараларды көбейту; спорттық ойын түрлері (футбол, баскетбол, хоккей, волейбол және т.б.) бойынша мектеп, студенттік, әуесқой лигалар ұйымдастыру; жалпы білім беру мектептері оқытушыларының секциялық жұмыстарын төлеуге қосымша (100 млн. теңге) бөлу; елорданың шеткі аумақтарын бұқаралық спортпен қамту үшін ең кемі 10 шағын әлеуетті (тәулігіне 500 кіру) стандартты жабық спорт нысанын салу; тұрғын алаптары мен саябақ аумақтарында ашық (жазық) спорт ғимараттарын салу және қайта қалпына келтіру сияқты міндеттерді іске асыру қарастырылған.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде Астананың спорттық инфрақұрылымы 649 спорт нысанынан, әсіресе, аула алаңдарынан (281 бірлік) тұрады. Барлық аулалар мен халықтың бұқаралық демалыс орындарында спорт құрылғылары, ойын және балалар алаңдары бар.
Айта кетейік, 2016 жылы Астанада қала тұрғындары мен қонақтары арасында 567 спорттық-бұқаралық шара өткізілді. Олардың көбі дәстүрлі жарыстарға айналды.