Қаржы • 31 Наурыз, 2017

Наурыздың соңғы аптасы теңге бағамы үшін жайлы болды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Апта басынан бері доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 316,5-тен 313,7-ге дейін төмендеді.

Наурыздың соңғы аптасы теңге бағамы үшін жайлы болды

KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 313,71 теңге болды. 

Осылайша апта басынан бері доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2,80 теңгеге дейін нығайды. 

Ал Астана уақытымен бүгін күндізгі сағат 16:00-де Брент маркалы мұнай құны 52,80 долларға саудаланды. Кеше Астана уақытымен түнгі 21:00-де мұнай бағасы 53,20 долларға дейін жетіп, қайта арзандағанына қарамастан, апта басынан бері шикізат құны айтарлықтай нығайып, дүйсенбіден бері 50,87 доллардан 52,72 долларға дейін қымбаттады. 

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38