Бұрынғы зауыт алаңы шағын және орта бизнес нысандарын орналастыру үшін пайдаланатылатын болады. Өндірістік нысандардың жабдықталуы және ғимарат құрылысы үшін алаңдағы жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлер үшін тоқтап тұрған, жұмысы тұрып қалған немесе жұмыс істемейтін кәсіпорындар сатылуға немесе жалға беруге дайын.
Қазіргі уақытта индустриялды аймақ жоспарланып отырған аумақта өз қызметін бастауға 30-ға жуық компания ниет білдірді. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов индустриялық аймақты бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік жобалармен толтыру және дайын өндірістік алаңдарды қажетті дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау облысының әкімдігіне, «Каспий» ӘКК» ҰК» мен «Атамекен» ҰКП-ға нақты тапсырмалар берді.
Бұл аймақтың индустриалдық-инновациялық дамуына үлес қосып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік ашады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы
Ақтау