Үкімет • 31 Наурыз, 2017

Үкімет 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын талқылауда

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Үкімет 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын талқылауда

Кеңес барысында еліміздің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықты бағыттары, күтілетін нәтижелері мен кезеңдік мақсатты бағдарлары талқыланды, деп жазады pm.kz.

Экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру мен орташа мерзімді келешекте ел дамуының жүйелі әрі тұрақты саясатын жүргізу мақсатында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз жолдауында Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» атты 2025 жылға дейінгі Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін өсімнің жаңа үлгісі экономика өсімінің жылдық орташа қарқынын 5-6% деңгейіне жеткізуге бағытталатын болады. 

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38