Жасақталған құжаттың артықшылығы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру кезінде біріккен және келісілген әрекеттерді іске асыру болып табылады. Оның ішіне, халықтың әлеуметтік осал тобының құқығы мен қызығушылықтарын қорғауға арналған «Қоғам – сенің тірегің» атты, ана мен баланың денсаулығын сақтауға, ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған «Ана мен баланың денсаулығы», Каспий теңізінің жануарлары мен өсімдіктер әлемін көбейтуді, қорғауды қарастыратын «Тоқта Браконьер», азаматтар арасындағы тазалық мәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны одан әрі қарай жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілетін «Таза аймақ», «Эмиссия төле де бюджетіңді толықтыр», «Құмар ойындары жоқ Маңғыстау», «Қарызсыз жаңа жылға» атты жобалары кіреді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы