Бокс • 31 Наурыз, 2017

Боксшы Шәріпованың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды. Менеджері Сергей Завилейскийдің айтуынша ол 7 сәуір күні кезекті рет шаршы алаңға шығады. Бұл туралы allfight.ru хабарлады.

Боксшы Шәріпованың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

«Титулды айқасқа дейін біз тағы бір мәрте рейтингті кездесу ұйымдастыруды жөн көрдік. Жекпе-жек Мәскеу қаласындағы «Бокс академиясында» өтетін болды. Фируза өз деңгейін арттыруы тиіс. Әрине, титулды кездесу өткізу басты жоспарларымыздың бірі», – деді Сергей Завилейский.

Соңғы кездесуіне боксшы қыз жарақат алған күйі шыққаны хабарланған. Ал медициналық тексерістен өткеннен кейін оған 21 күнге жұдырықтасуға болмайтыны ескертілді. Өз кезегінде Сергей Завилейский Фирузаны 22 сәуірден кейін ғана шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген болатын.

«Дәрігерлер үш аптаға шектеу қойды. Ал бұл мерзім 25 наурыз күні аяқталды. Бүгін ол спарринг кездесу өткізді. Деңгейі бәріміздің көңілімізден шықты. Әрине, үлкен кездесулерге шыға алмайды. Бірақ рейтингті айқас өткізе алады деп ойлаймыз», – деді ол.

Фируза Шәріпованың бұл жолғы қарсыласы да анықталыпты. 

«Бұл жолғы қарсыласымыз 30 жастағы ресейлік Виктория Котова. Осыған дейін ол жауынгерлік самбо, қоян-қолтық ұрыс, кикбоксинг және дзюдомен шұғылданыпты. Ал қазір кәсіби бокспен айналысып жүр», – деді Шәріпованың менеджері.

Айта кетейік, 4 наурыз күні қазақстандық боксшы ресейлік Юлия Чернобородовамен күш сынасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38