Аймақтар • 31 Наурыз, 2017

Көрмеге керуен келе жатыр

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық ЭКС­ПО-2017 көрмесіне әлем­нің әр түкпірінен ке­ле­тін қонақтарды ежелгі Та­раздың тарихы қызық­ты­ра­тыны анық. Осы мақ­сат­­та «Ұлы Жібек жо­лы­ның інжу маржаны – көне Тараз­дан тағзым» атты керуен ұйым­дастыру жоспарланып отыр.

Көрмеге керуен келе жатыр

Аталған керуен 26 мамыр күні Тараздағы «Төрткүл» керуен сарайынан салтанатты түрде аттанады. Астана қаласына дейінгі жол жүру уақыты шамамен 60 күнді құрайды. Ал, керуен тізбегінде 30 түйе, 10 салт атты, 5 арба, 15 автокөлік болады. Сонымен қатар, керуеншілер құрамында қо­ғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының және қоғамдық ұйым­дар­дың өкілдері мен өнерпаздар, қолөнершілер, ат спор­тының өкілдері болады. Бұл айтулы шараға Ақ­мола мен Қарағанды облыстарының қатысуы өңір­аралық ынтымақтастықты көрсетеді. 

– Керуен Тараз қаласынан шығып, Астана қала­сына жеткенше әрбір тоқтайтын пункттерде ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол жерде киіз үйлер тігіліп, үлкен сахна, шатырлар орнатылады. Қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері көр­сетілетін көріністер, ұлттық спорт ойындары, кон­церттік бағдарламалар ұйымдастырылады, – дейді облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Керуеншілер ЭКСПО-2017 көрмесіне барар жолда «Үшбұлақ» керуен сарайына, Құлан ауылына, сондай-ақ, Меркі, Шу, Мойынқұм аудандарына тоқтап, одан кейін Қарағанды облысының Са­ры­шаған ауылына, Балқаш, Қарағанды қалаларына да аялдайтын болады.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы


Соңғы жаңалықтар

Шерхан және Гамлет

Өнер • Бүгін, 15:25

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02