Іріктеу турының нәтиесі бойынша «Аялаған Астана-2017» V Республикалық телевизиялық балалар байқауының финалына 12 қатысушы өтті. Қатысушылар еліміздің әр қаласынан келеді.
«Аялаған Астана» конкурсының іріктеу кезеңі 1 қаңтар мен 15 ақпан арасында өткен болатын. Келіп түскен 300 өтінімнің ішінен финалистерді бас продюсер Лина Арифулина бастаған комиссия анықтады. Кандидаттардың видеожазбаларын тыңдау нәтижесінде «Аялаған Астана» конкурсының финалына келесі конкурсқа қатысушылар өтті:
- Әлібек Азамат (Алматы)
- Бейбарыс Айтмұғамбетов (Ақмола облысы, Ерейментау қ.)
- Мәди Аманбаев (Жезқазған)
- Арайлым Берік (Қызылорда)
- Карина Болат (Астана)
- Айдана Жалелова (Семей)
- Әмина Жапар (СҚО, Тайынша қ.)
- Илья Кошиков (Қарағанды)
- Томирис Маратқызы (Астана)
- Алан Мерғали (Орал)
- Аялан Мұқанов (Қостанай)
- Луиза Нұрқуатова (Ақтау)