Ресей Федерациясында өңірлік сауда желілерінде қазақстандық өнімдерді таныстыруға бағытталған акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл әзірше тәжірибе ретінде қазақстандық өндірушілермен бірге өткізілген жоба. Оның басты мақсаты – қазақстандық өнімді Ресейдегі сатып алушыларға кеңінен таныстыру», - деп атап өтті «KAZNEX INVEST» басқарушы директоры Жәлел Болатов.
Оның айтуынша, қазақстандық тауарлар ресейлік тұтынушылар үшін таңсық емес, дегенмен, ритейл желілерінің сөрелеріне шығуға біршама қиындықтар болғандықтан, ресейлік тұтынушыларға жетпей жатады.
Акция барысында шамамен 40-қа тарта тауар түрі ұсынылды. Оның ішінде – кондитерлік өнімдер, шоколад, ұн өнімдері, макарон, шырын мен сусындар, май өнімдері бар.
Аталмыш шара Ресейдің Новосібір, Екатеринбург, Барнауыл, Кемерово, Томск және Новокузнецкте бір уақытта өтті. Бұл шамамен 900-ден астам сауда нүктесі. Қазақстанда шығарылған тауарларды дүкен сөрелеріне жылжыту бағдарламасының арқасында ҚР тауарлары Ресейдің жетекші өңірлік желілеріне кіре алды.
Жәлел Болатовтың хабарлауынша, шара биыл жалғасын табады және бұл қазақстандық тауарлардың Ресейде көп танымал болуына ықпал етпек.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 16:12
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қоғам • Бүгін, 16:07
Жасанды жаңбыр – бірегей бастама
Экономика • Бүгін, 16:07
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:45
Депутат былапыт сөз қолданылатын тренингтерге баға беруді талап етті
Парламент • Бүгін, 15:30
Алматыда қоқысты электр энергиясына айналдыратын кәсіпорын бой көтереді
Үкімет • Бүгін, 15:28
Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды
Қоғам • Бүгін, 15:13
Президент әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады
Президент • Бүгін, 14:59
Елімізде Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады
Президент • Бүгін, 14:53
Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:49