«Қайрат» футбол клубы бүгін жанкүйерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз жиынын өткізді. Жиында команданың жаттықтырушы Кахабер Цхададзе маусым алдындағы дайындықтар мен жоспарлары туралы мәлімдеді.
Ресейде өткен Гранаткин мемориалы турнирінде жастарымыз сәтті аяқтады. Жас ойыншылар қатарында Айдос Орал мен Еркебұлан Сейдахмет ерекше ойынымен көзге түсті.
«Маусымаралық үзілісте жастарды да, тәжірибелі ойыншыларды да қарастырдық. Оқу-жаттығу жиындары кезінде бізбен талай талантты ойыншылар жаттықты. Үлкен футболға енді қадам басқан жігіттер даму үстінде десек болады. Сондықтан оларды бірден негізгі құрамда ойната алмаймыз. Жас ойыншылармен жұмыс істейтін «Қайраттың» арнайы жаттықтырушылары бар. Олардың кеңесін басты назарға аламыз. Талантты ойыншыны тапқанмен, бірінші құрамда жаттығу жасауға дайын болмаса, біз оның босқа уақытын алуымыз мүмкін. Уақыты келгенде олар да өз мүмкіндігін алатын болады», – деді Кахабер Цхададзе.
Vesti.kz мәліметі бойынша "Қайрат" жаттықтырушысы жаңа ойыншылардың келетіндігін мәлімдеді.
«Біз алдағы ойындарға ойын жоспарын құрып қойғанбыз. Орталық шабуылшы қызметін Бауыржан Тұрысбек тамаша орындай алады деп сенеміз. Оқу-жаттығу жиындарында сенімнен шыға білді. Әсіресе, Мәскеудің "Динамо" командасына қарсы ойында тамаша ойынымен көзге түсті. Басшылық бұл сұрақты ешқашан назардан тыс қалдырмаған. Ойыншы алу үшін де оның командаға тигізетін пайдасын сараптап алу керек. Бұл бағытта жұмыстар жасалып келеді. Жақында команда құрамы тағы да жаңа ойыншылармен толығып қалуы әбден мүмкін», – деді ол.
«Қайрат» сапынан осы Бруно Соарес кеткен болатын. Кахабер Цхададзе бұл жөнінде: «Тізе жарақаты өте ауыр. Кезінде өзім де осыдан зардап шеккенмін. Қайта қалпыңа келу қиын. Өкінішке орай, Бруно былтыр осы жайтқа тап болды. Ол үшін барлығын жасадық. Маусым соңына дейін сауығып кетуін күттік. Сегіз ай ішінде бар жағдайы жасалды. Өкінішке орай, бұрынғы қалпына келе алмады. Оқу-жаттығу жиындары кезінде жаттығуларды толықтай орындай алмай жүргені байқалды. Біз оған негізгі командада жаттыққанымен, бірінші лигада ойнау туралы ұсыныс жасадық. Тиісінш, ол келіспеді. Сондықтан өзге командаға ауысу туралы шешім қабылдады. Оған денсаулық, алдағы ойындарына сәттілік тілейміз», – деді жаттықтырушы.
Айта кетейік, 4 наурыз күні Алматыда Қазақстан Суперкубогын «Қайрат» пен «Астана» сарапқа салады.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 16:12
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қоғам • Бүгін, 16:07
Жасанды жаңбыр – бірегей бастама
Экономика • Бүгін, 16:07
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:45
Депутат былапыт сөз қолданылатын тренингтерге баға беруді талап етті
Парламент • Бүгін, 15:30
Алматыда қоқысты электр энергиясына айналдыратын кәсіпорын бой көтереді
Үкімет • Бүгін, 15:28
Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды
Қоғам • Бүгін, 15:13
Президент әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады
Президент • Бүгін, 14:59
Елімізде Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады
Президент • Бүгін, 14:53
Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:49