Жақында Семейге жол түсіп, Абай қорық-мұражайын аралағанда сондағы бір жәдігердің назарымды өзіне ерекше аударғаны бар. Мұражайдағы «Шырайлы Шыңғыстау» көрмесін тамашалағанда сол бөлменің бұрышында, бір қарағанда байқалмайтын елеусіз жерде, жоғарыда ұяда отырған құс көзге ыстық көрінді.
Сөйтсек, бұл жай құс емес, әйгілі Шәкір ақынның қаршығасы екен. Мұны бізге Абай мұражайының директоры Болат Жүнісбеков айтты. 1991 жылы Елбасына ақ батасын берген ақынның саятшылықпен шұғылданғаны да белгілі. Абыз ақсақал қаршығасы өлгеннен кейін оның тұлыбын өз қолымен жасап, үйінде қалдырған екен. Бұл жәдігерді былтыр желтоқсан айында ақынның қызы Сана апамыз мұражайға әкеп тапсырыпты.
Ақын бұл қаршығаны қай жылдары ұстаған? Жалпы, батагөй қарияның қанша қаршығасы болған? Осы және өзге де сауалдарымызға жауап іздеп, Абай ауданының Құндызды ауылында тұратын, сондағы Шәкір Әбенов атындағы мұражайдың жетекшісі, тектінің тұяғы Сана Шәкірқызына телефон шалдық.
– «Жігітке жетпіс өнер де аз» дейді ғой. Шәкір атаң айтулы ақын ғана емес, өзі атбегі, өзі құсбегі, өзі ағаштан түйін түйген шебер адам болған. Жүйрік ат, құмай тазы ұстаған. Әкем қараша туа саятшылыққа кететін. Біраз уақыт үйде болмайтын. Құсбегілігіне келсек, бұл өнерді өткен ғасырдың 1972-1973 жылдарынан бастап жанына серік етті. Көлембай Әлімбеков деген інісі екеуі бір саятшылыққа барғанда қаршығаның еркегі мен ұрғашысын алып келген екен. Жалпы, әкем бір емес, бірнеше қаршыға ұстады. Нақты саны есімде жоқ. Ал Абай мұражайында тұрған қаршыға Шәкір атаңның ең соңғы қаршығасы. Аты – Көкқұс. Қателеспесем, бұл құс 1988 жылы өлді. Сол кезде әкем оны өз қолымен тұлып қылып жасаған еді, – дейді асылдың сынығы.
Шәкір ақын құстарды ерекше жақсы көрген екен. Қаршығадан бөлек тырна мен кептерлерді де асыраған көрінеді. Кептерлері ашыққан кезде ақынның қос иығына қонақтап отырады екен. Сана Шәкірқызы әкесінің бәйгеден келген атының жүлделерін көп балалы аналарға таратып беретін Атымтай жомарт мінезін де сағынышпен еске алды.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы
Суретті түсірген автор

Павлодар облысындағы зауыттан құны 10 млн теңге болатын металл ұрланды
Қоғам • Бүгін, 21:14
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Бүгін, 20:30
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Бүгін, 20:10
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 19:05
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Бүгін, 18:42
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 18:00
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 17:52
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32