Кәсіпқой боксшы Елшат Нығматуллаұлы WBO нұсқасы бойынша Азия чемпиондығы атағын қорғап қалды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Жекпе-жек Қытайдың Юньнань провинциясында өтті. 23 жастағы боксшы 6 раундтың қорытындысы бойынша ұпай санымен 37 жастағы филиппиндік Джаяр Эстремесадан басым түсті. Елшат осымен кәсіпқой рингте оныншы кездесуін өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтап отыр. Оның екеуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.
«Бұл айқаста чемпиондығымды түбегейлі қорғап қалдым. Енді сәуір айының соңына таман Аомэнь жеріне жолға шығамын. Ал ары қарай АҚШ-қа баруды жоспарлап отырмын», – деді Елшат Нығматуллаұлы.
• 27 Ақпан, 2017
Боксшы Елшат Нығматуллаұлы чемпиондық атағын қорғап қалды
Кәсіпқой боксшы Елшат Нығматуллаұлы WBO нұсқасы бойынша Азия чемпиондығы атағын қорғап қалды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Жекпе-жек Қытайдың Юньнань провинциясында өтті. 23 жастағы боксшы 6 раундтың қорытындысы бойынша ұпай санымен 37 жастағы филиппиндік Джаяр Эстремесадан басым түсті. Елшат осымен кәсіпқой рингте оныншы кездесуін өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтап отыр. Оның екеуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.
«Бұл айқаста чемпиондығымды түбегейлі қорғап қалдым. Енді сәуір айының соңына таман Аомэнь жеріне жолға шығамын. Ал ары қарай АҚШ-қа баруды жоспарлап отырмын», – деді Елшат Нығматуллаұлы.
Найзағай, дауыл: Ертең елімізде дабылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан құрамасы әлем чемпионы
Спорт • Кеше
БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,9 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақы көлемі өсуі мүмкін
Қазақстан • Кеше
Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады
Қоғам • Кеше
Мораторий аяқталды: Енді – нақты тариф саясаты
Экономика • Кеше