Биылдан бастап Ы.Алтынсарин олимпиадасы халықаралық деңгейде өткізілетін болады. Бұл – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастырумен алты жылдан бері мектеп түлектері арасында өтіп жүрген пәндік олимпиада.
Мектеп бітірушілерге тегін білім гранттарын ұтып алуға мүмкіндік беретін байқау енді өзгерді.
Алдымен республикалық олимпиада облыстық білім Басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе отырып, Алматы облысы бойынша Алматы, Талдықорған, Жаркент қалаларында, Кеген ауылдық округі, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларында, Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы мен Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласында, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында, Батыс Қазақстан бойынша Атырау, Орал қалаларында үстіміздегі жылдың 3 наурызында өткізіледі.
Ал халықаралық деңгейдегі Ы.Алтынсарин олимпиадасы 17 наурызда 5 мемлекетте, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Қытай және Ресей елдерінде өтеді. Қазіргі уақытта олимпиадаға қатысуға тілек білдіруші оқушыларды тіркеу жалғасуда. Айта кетейік, ниет білдірушілір Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің ресми сайтында бекітілген форма бойынша онлайн режімінде тіркеле алады және олимпиада туралы толық мағлұмат Қыздар университетінің сайтында (www.kazmkpu.kz) орналасқан.
Байқау әдеттегідей сегіз пән бойынша емес, тоғыз пән бойынша өтпек. Математика пәні қосылған. Олимпиада жұмысының ең жоғары көрсеткіші – 160 балл.
Олимпиаданың бір ерекшелігі – оған тек қана қыз балалар қатысады.
Мәселен өткен жылы «Ы.Алтынсарин-2016» олимпиадасына 3500-ден аса мектеп бітіруші қатысып, 24 түлек ректор грантына ие болса, 10 пайыздық жеңілдікке 548 оқушы іліккен еді.
Айнаш Есали, «Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ

Павлодар облысындағы зауыттан құны 10 млн теңге болатын металл ұрланды
Қоғам • Бүгін, 21:14
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Бүгін, 20:30
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Бүгін, 20:10
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 19:05
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Бүгін, 18:42
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 18:00
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 17:52
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32