Биыл Қостанай өңірінде қар қалың. Боранда үріп жауған қар көптеген жерде жолдарды бөгеп тастайды. Әсіресе, Қарасу ауданындағы Ушаков селосындағылар биыл қыста кең дүниеден бөлініп, аралда қалғандай сезініп отыр. Бас даңғыл мен ауылды қосатын 25 шақырым жолды қар үріп тастай береді. Тау боп үйілген қардан техника жүре алмайды, оны тазалау да мүмкін болмай тұр. Сондықтан, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару отряды құтқарушылары биыл қыста Ушаковқа көз қиығын салып отырды. Әйтеуір телефон байланысы бар, тұрғындар төтенше жағдай қалыптасқанда хабарсыз болмайды. Жақында ғана ақпандатқан боран күндері осы ауылда босануға тиісті әйел мен демікпемен ауыратын ер кісіні жедел ауруханаға жеткізу керек болды. Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару отрядының қызметкерлері жол таңдамайтын ТРЭКОЛ автомобилі жүкті әйелді, науқасты және олардың туыстарын алып, оппа қармен жүріп отырып, 25 шақырым жердегі даңғыл жолға шығарды. Аяғы ауыр әйелді күтіп тұрған жеңіл машина оны Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізді, ер кісіні Қостанайға алып кетті. Құтқарушылардың айтуынша, Ушаков ауылына жететін жолды көмген қардың үстімен құтқару техникаларының өзі зорға жүреді. Қыс бойына қардың тұтқыны болған ауылдан құтқарушылар аяғы ауыр үш әйелді перзентханаға жеткізді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» Қостанай облысы, Қарасу ауданы
Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 12:52
NASCAR-дың екі дүркін чемпионы Кайл Буш қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 12:44
Шілдеден бастап кәсіпкерлерге шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін
Кәсіпкер • Бүгін, 12:30
Қазақстандағы жолаушылар пойызына Starlink интернеті қосылады
Технология • Бүгін, 12:27
Шұғыл қызмет өкілдері Астана әуежайына не себепті жиналды?
Елорда • Бүгін, 12:20
Соңғы қоңырау: оқушылар мұғалімдерге виртуалды гүл сыйлай алады
Білім • Бүгін, 12:14
АҚШ-та қанды қылмыскер өлім жазасынан құтылып кетті
Әлем • Бүгін, 12:00
Танымал спортшы Қуат Хамитов Атырауда жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:58
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Семейде зейнеткердің пәтерінен он КамАЗ қоқыс шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Білім • Бүгін, 11:33
Абыз: Әділ Ахмет туралы бірер сөз
Тұлға • Бүгін, 11:30
Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:25
Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?
Қоғам • Бүгін, 11:25