Өңірде ауылдарды орталықтандырылған су жүйелерімен жабдықтау үшін 2013-2016 жылдар аралығында «Ақбұлақ» бағдарламасы бекітілген-ді. Біз жазып отырған Май ауданында Май топтық су құбырын қайта құру жұмыстары 2011 жылы басталып, 2016 жылдың 10 қазанында аяқталуы керек еді. Топтық су құбыры 11 мыңдай адамы бар ауданның 23 ауылына су жеткізетін болған-ды. Өткен шақпен айтуға мәжбүрміз. Сөйтсек, аудан орталығы Көктөбе, Баскөл, тіпті, шалғайдағы Ақшиман ауылдарын орталықтандырылған су жүйесіне қосатын жоба енді ғана дайындалып жатса керек.
Облыс әкімдігінің сайтында аудан орталығы Көктөбе ауылының тұрғындары да су құрылғыларының жұмысы бір күн бар, бір күн жоқ, ішетін таза су таба алмай отырғандарын жазыпты. Ал Майтүбек ауылының тұрғындары болса ішуге жарамаса да, құдық суын пайдалануда. Бізге хабарласқан тұрғындар суды тазартып беретін кешенді блок модулі жоқтығын айтып шағымданды.
Негізі, ауылға кешенді блок модулін салу жобасы осыдан 7 жыл бұрын басталыпты. Мердігер компания міндетін дұрыс атқармай, ақыры қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жұмыс тоқтап қалыпты. Ал аудан басшылығы Майтүбек ауылын да орталықтандырылған су жүйесіне қосуды жоспарлап отырса керек, бірақ, бұл жұмыстың қашан іске асатыны тағы да белгісіз. Жоба жасалмаған. Сондықтан, біраз уақыт шыдай тұруға тура келер, деген екен аудан әкімі Ардақ Қаңтарбаев жуырда өткен Майтүбек ауылы тұрғындарымен болған есепті кездесуінде.
Ең бастысы, ауылға модуль керек пе, әлде орталық су жүйесі қажет пе, қайсысы тиімді деген мәселенің шешімі болуы керек. Жаңа Жолдауда «Әкімдер өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тиіс...» деп атап өтті Елбасы.
Ауыл шыдады, әлі де шыдар. Бірақ шыдамның да шегі бар емес пе?..
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Май ауданы

Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Семейде зейнеткердің пәтерінен үш КамАЗ қоқыс шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Білім • Бүгін, 11:33
Абыз: Әділ Ахмет туралы бірер сөз
Тұлға • Бүгін, 11:30
Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:25
Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады
Кәсіпкер • Бүгін, 11:03
Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот жасалды
Технология • Бүгін, 10:50
Қажытқан 45 шақырым немесе Әлихан Бөкейхан ауылындағы жолдың жыры
Ауыл • Бүгін, 10:48
Әлем • Бүгін, 10:43
Қазақстанда әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» атағы беріледі
Әскер • Бүгін, 10:25
Биыл елімізде адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді
Қылмыс • Бүгін, 10:20