Алқалы жиынға Сирия үкіметі мен осы елдегі қарулы оппозициясының делегациялары, атысты тоқтату режіміне кепіл мемлекеттері – Ресей, Түркия және Иран елдерінің, сонымен қатар, Иорданияның, Біріккен Ұлттар Ұйымының, бақылаушы ретінде АҚШ-тың делегациялары қатысты. Астанадағы келіссөздер 23-24 қаңтарда елордада өткен бірінші кездесуде қол жеткізілген, бітімге келу туралы келісімдерді жүзеге асыру арқылы Сирия мәселелерін реттеу процесінде ілгерілеушіліктерді қамтамасыз етуге бағытталды. Жиынға қатысқан делегациялар кездесудің ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын білдіріп, Сирия дағдарысын реттеу жолдарын қарастыруға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесіне жоғары баға берді. Екі күнге созылған келіссөздер нәтижесінде кепіл мемлекеттер әскери іс-қимылдарды тоқтату режіміне мониторинг жасау жөніндегі бірлескен жедел топ туралы ереже келісілгені туралы хабарлады. Бірлескен жедел топ атқаратын міндеттердің қатарында қаруланған оппозициялық топтарды террористік ұйымдардан ажыратуды қамтамасыз ету, Сирия қақтығысын саяси тұрғыда реттеуді ілгерілету бойынша сенім шараларын нығайту сынды маңызды мәселелер бар. Аталған топ тараптардың әскери іс-қимылдарды тоқтату мәселелері бойынша тұрақты түрде кеңес өткізіп тұрады және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарының бұзылу оқиғаларын тексереді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың ушығуына жол бермей, Сириядағы гуманитарлық ахуалдың жақсаруына атсалысатын болады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Қазақстан қол жеткізілген келісімдерді қолдай отырып, Астана процесінің кезекті отырысының нәтижесін Сирияға қатысты үнқатысуда маңызды қадам деп санайды. Бұл БҰҰ аясында Женевада өтетін келіссөздердің табысты болуына оң ықпалын тигізуі тиіс. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Семейде зейнеткердің пәтерінен үш КамАЗ қоқыс шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Білім • Бүгін, 11:33
Абыз: Әділ Ахмет туралы бірер сөз
Тұлға • Бүгін, 11:30
Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:25
Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады
Кәсіпкер • Бүгін, 11:03
Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот жасалды
Технология • Бүгін, 10:50
Қажытқан 45 шақырым немесе Әлихан Бөкейхан ауылындағы жолдың жыры
Ауыл • Бүгін, 10:48
Әлем • Бүгін, 10:43
Қазақстанда әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» атағы беріледі
Әскер • Бүгін, 10:25
Биыл елімізде адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді
Қылмыс • Бүгін, 10:20