Астана абаттанған сайын қазақ қанаттанған керемет кезді бастан кешудеміз. Ажар-көркі көз арбаған қаламызға дос сүйсіне, дұшпан күйіне қарайды. Құдай қуанышымызды көп көрмесін деңіз.
Ал, енді осы ертеңі нұрлы елордамыздың тағылымды тарихы қай замандардан тамыр тартады? Жеті ықылымнан жеткен деректер мен дәйектерге жүгінген ғалымдарымыз Есіл-Нұра екі судың ен жағасын ежелден ел жайлағанын айтады. Ең бастысы, олар ойда-қырда мал бағып, айран ұрттап, қой құрттап қана күн көрмеген. Арық қазып, астық өсірген. Қалалар салып, су құбырын тартқан. Ақша шығарып, қолөнершілікпен айналысқан. Айналасындағы жұртпен алыс-беріс жасаған. Қазба жұмыстары барысында табылған құнды жәдігерлер бұл өлкені мекендеушілер мәдениетінің қаншалықты жоғары болғандығын болжауға мүмкіндік береді. Археологтар аршып жатқан анау Бытығай, мынау Бозоқ соның айғағы.
Ақордалы Астанадан атшаптырым жердегі Тайтөбеңіз де тарихтың талай сырын бүгіп тұр. Арғы-бергі зерттеушілердің алға тартқан айғақтарына сүйенсек, сіз бен біз этимологиясын сан саққа жүгіртіп жүрген Ақмола атауының шығу төркіні сол төбенің үстінде қирандысы қалған көне қорғанмен байланысты көрінеді. Сайын Сарыарқаның төрт тарап төңіректі тоғыстырар тұсында тұрғызылған қамал төріндегі алтын тақта отырып ата-бабаларымыз алыс-жақынға билік еткен. Ғұн тілінде «Ақ» – Батыс, «Мола» – қамал ұғымын білдірген екен. Сонда астарын таптырмаған Ақмолаңыз «Батыстағы қамал» болмай ма?!
Тайтөбеден таяқ тастамдағы ауылдарда Рейхстагта жеңіс туын желбіреткен қаһарман Рақымжан Қошқарбаев пен аспанда жаумен айқасқан батыр ұшқыш Талғат Бигелдиновтің кіндік қаны тамған.
Бағалай білсек, Қазақстанның бас шаһары бой түзеген қасиетті байтақтағы бағзыдан қалған бағаналы орда – осы Тайтөбе. Ендеше, ол Тәуелсіз еліміздің ономастикалық картасынан лайықты орнын ойып алуға тиіс.
Тарихтың тәбәрігіндей Тайтөбе Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының аумағында орналасқан. Кешегі кеңестік кезеңде Компартия көсемдері алаулатып-жалаулатқан тың игеру саясатының халқымызға тигізген пайда-зиянын таразыға тартпай-ақ қоялық. Бәрі белгілі. Бұған дейін де жан-жақты жазылған. Бірақ Целиноградтың жаны сірі екен, сүлдесін сүйретіп әлі келеді. Сондықтан, көп сөйлеп созбай, ұзын сөздің қысқасына көшсек: бүгінде бәріміздің құлағымызға түрпідей тиетін Целиноградтың атын ерен елдігіміздің белгісіндей Тайтөбеге аударып берсек, яғни аудан атын Тайтөбе деп өзгертсек, біткен істің бірі болар еді.
Тарих қапияда кеткен қателіктердің түзетілгенін қалайды.
Талғат БАТЫРХАН, «Егемен Қазақстан»

Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Семейде зейнеткердің пәтерінен үш КамАЗ қоқыс шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Білім • Бүгін, 11:33
Абыз: Әділ Ахмет туралы бірер сөз
Тұлға • Бүгін, 11:30
Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:25
Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады
Кәсіпкер • Бүгін, 11:03
Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот жасалды
Технология • Бүгін, 10:50
Қажытқан 45 шақырым немесе Әлихан Бөкейхан ауылындағы жолдың жыры
Ауыл • Бүгін, 10:48
Әлем • Бүгін, 10:43
Қазақстанда әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» атағы беріледі
Әскер • Бүгін, 10:25
Биыл елімізде адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді
Қылмыс • Бүгін, 10:20