Қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанғаннан кейін Қазақстан кәсіпқой бокста чемпиондық титулдары бар үздік бес елдің қатарына кірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Бірнеше күн бұрын Жақиянов АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренмен (14-2, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осыдан кейін ол екі бірдей белбеудің иегері атанды.
Жанаттың жеңісінің арқасында Қазақстанның да көрсеткіші жақсарды. Енді жерлестеріміздің еншісінде төрт чемпиондық белбеу бар. Оның үшеуі орта салмақта жұдырықтасатын Геннадий Головкинге тиесілі (WBA (Super), WBC және IBF). Сондай-ақ, екуінде де IBO титулдары бар. Бірақ ол аса маңызды болып есептелмейді.
Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан бесінші орынға Филиппин елімен бірге орналасты. Бұл тізімді АҚШ (12 титул) бастап келеді. Екінші орында – Ұлыбритания (9), үштікті Жапония (8) түйіндеп тұр. Төртінші орынға Мексика (7) тұрақтады.
Сонымен қатар, Жанат еліміздің қазіргі чемпион боксшыларының да статистикасын жаңартуына септігін тигізді. Екі чемпионы бар (Головкин мен Жақиянов) Қазақстан алтыншы орынға көтерілді. Мұндай көрсеткішке Ресей, Куба, Тайланд және Украина елдері де ие. Бұл тізімде бірінші орында тағы да АҚШ (12) келеді. Екінші – Ұлыбритания (9), үшінші – Жапония (8), төртінші – Мексика (7), бесінші – Филиппин (4).
Айта кетейік, 33 жастағы Жақиянов еліміздің атынан шыққан Василий Жиров, Бейбіт Шүменов және Геннадий Головкиннен кейін төртінші болып чемпион атанып отыр.

«Дала академигі» атанған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл
Қоғам • Бүгін, 21:33
Испанияда Ла Лига төрешілерінің жұмысын жасанды интеллект бағалайды
Спорт • Бүгін, 20:45
Еліміздің шығыс гарнизондарындағы жауынгерлік дайындық тексерілді
Әскер • Бүгін, 20:14
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Бүгін, 19:41
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Ғылым • Бүгін, 18:55
«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20