Қызылорда қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Қоғамдық кеңес алдындағы есепті кездесуі өтті. Онда аймақ басшысы өткен жылдың даму қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Әкімнің айтуынша, 2016 жыл барлық салалар үшін табысты болды. Соңғы 4 жылда шикізаттық емес сектор көлемі 52 пайызға (ҚР бойынша 4 пайызға) өсті. Еңбек өнімділігі 6 есеге (ҚР бойынша 2,4 есеге) артты. Соңғы 3 жылда облыс орталығында 11 шағын аудан бой көтерді.
Облыс әкімі соңғы 4 жылда Қызылорда облысында білім саласын қаржыландыру екі есеге өскенін атап өтті. Аймақта үш ауысымдық мектептер мен бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесі толығымен шешілген.
- Жыл сайын Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 350 түлекке облыс әкімінің гранты бөлінеді. Қызылорда облысы – Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алу үшін РФ Үкіметінің 150 грантын алып отырған жалғыз аймақ. Мен үшін бұл – үлкен көрсеткіш,- деді Қырымбек Көшербаев.
Қоғамдық кеңестің ауылшаруашылық және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі салалық комиссиясының төрағасы Серікбай Өмірзақов жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесін, оның ішінде күріштен жиналған рекордтық өнім, «ақ алтынның» жаңа сорттарын дамыту туралы баяндады. Қоғамдық кеңестің кәсіпкерлік, инвестиция және инновациялық даму мәселелері жөніндегі салалық комиссиясының төрағасы Ғалымбек Жақсылықов аймақтағы кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамытуға жасалған қамқорлықтар жайында айтты. Облыстық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Бақберген Досмамбетов білім және жастарды қолдау саласындағы жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ облыс көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде қоғамдық кеңес мүшелері Қаршыға Есімсейітова, Владимир Толоконников және Аманжол Оңғарбаев баяндама жасады.

«Дала академигі» атанған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл
Қоғам • Бүгін, 21:33
Испанияда Ла Лига төрешілерінің жұмысын жасанды интеллект бағалайды
Спорт • Бүгін, 20:45
Еліміздің шығыс гарнизондарындағы жауынгерлік дайындық тексерілді
Әскер • Бүгін, 20:14
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Бүгін, 19:41
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Ғылым • Бүгін, 18:55
«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20