20 Қаңтар, 2017

Алматы облысында ет өңдейтін зауыт салынады

1 мин
оқу үшін
56 Алматы облысы Жамбыл ауданында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында "Империя Фуд" компаниясы ет өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан". Жобаның құны 2,3 млрд теңге. Зауыттың жобалық қуаты жылына 8 мың тонна. Сонымен қатар, «Империя Фуд» ЖШС 2017 жылдың көктемінде жем-шөп қоймасын салмақшы. Онда шамамен 5 мың тоннаға дейін өнім сақтауға болады. Жобаның жалпы құны 288 млн теңге. Соның 224 млн теңгесі "ҚазАгроФинанс" АҚ-ның қаржыландыруымен келсе, 64 млн теңгесі компанияның өз қаражаты. Компанияның негізгі маманданған қызметі - ауыл шаруашылығы. Соның ішінде мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы.
Соңғы жаңалықтар

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20