• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 30 Тамыз, 2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күнімен құттықтады

1671 рет
көрсетілді

 

Қымбатты отандастар! Баршаңызды халқымыз үшін ма­ңы­зы зор мереке – Конституция күнімен құт­тықтаймын! Осыдан 22 жыл бұрын жалпы­ха­лық­тық референдумда қабылданған Ата Заңы­мыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады. Конституция тәуелсіздігіміздің бе­рік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық дең­гей­дегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мыз­ғы­мас­тығын қамтамасыз ету бағытында елі­мізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді.

Конституциямыз Қазақстанның әлем­нің озық 30 елінің қатарына қосы­луы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады.

Барша қазақстандықтарға шын кө­ңіл­ден бейбіт өмір, табыс және құт-бе­реке тілеймін!

Соңғы жаңалықтар