Бас прокуратура азаматтарды, әсіресе онлайн кеңістікте, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Қадағалаушы органның мәлімдеуінше, әлеуметтік желілер мен өзге де ақпараттық алаңдарда таралатын кейбір мәлімдемелер қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы уақытта жекелеген тұлғалар тарапынан ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға қатысты теріс пікірлердің жария түрде таралуы тіркелген. Атап айтқанда, көпғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамына қатысты бұрмаланған және негізсіз тұжырымдар айтылған. Мұндай мәлімдемелер жалған діни догмалармен байланыстырылып, қоғамда жаңсақ түсінік қалыптастыруға бағытталған.
Бас прокуратура бұл әрекеттердің Конституцияда бекітілген зайырлы мемлекет қағидаларына қайшы екенін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай ақпараттар ұлтаралық және дінаралық татулыққа нұқсан келтіріп, қоғамдық келісімге қауіп төндіруі мүмкін.
1414-тен хабарлама: Бас прокуратура алаяқтарға алданып қалмау жолын айтты
Қадағалаушы орган журналистер, блогерлер және ақпараттық ресурстар иелерінің жауапкершілігін ерекше атап өтті. Жалған немесе арандатушылық сипаттағы пікірлерді таратуға жол берген жағдайда:- мұндай контенттің таралуына ықпал етеді;- қоғам санасына теріс әсер етеді;- гендерлік теңсіздікке жол беріп, әйелдердің ар-намысына нұқсан келтіруі мүмкін.
Осыған байланысты масс-медиа өкілдеріне кәсіби этика мен объективтілікті сақтау, сондай-ақ қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін материалдарды таратпау міндеті жүктеледі.
Бас прокуратура заң талаптарын еске салып, көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты жауапкершіліктің күшейтілгенін жеткізді. Атап айтқанда:
- Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғады;- ұлттық, діни немесе әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер 174-бапқа сәйкес ауыр қылмыс ретінде қаралады;- діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Бас прокуратура Шымкентте көз жұмған сарбаз туралы пікір білдірді
Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, қоғамда алауыздық туғызуы мүмкін мәлімдемелерден аулақ болуға және Қазақстан халқының мәдени-рухани құндылықтарына құрметпен қарауға шақырды.
Ведомство атап өткендей, мұндай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылдайды.
Бас прокуратура: Курьерлік қызмет атынан келетін жалған хабарламалар көбейді