• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:07

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?

30 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралған зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу туралы мәлімет шындыққа сәйкеспейді. Аталған ақпаратты ресми органдар жоққа шығарып, оның жалған екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Белгілі болғандай, белгісіз тұлғалар deepfake технологиясын пайдаланып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқартылады деген мазмұндағы жалған бейнероликтер таратқан. Мамандар мұндай әрекеттер азаматтарды әдейі адастыруға бағытталғанын атап өтеді.

Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап керісінше базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға ұлғайтылды. Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүргізілген.

Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бері 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ына дейін арттыру қарастырылған.

Осы өзгерістер нәтижесінде, биылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері 60 005 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылды.

Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты түзетулерді түсіндірді

Құзырлы органдар азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Сондай-ақ қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды

Соңғы жаңалықтар