Павлодар облыстық соты кәсіп үшін өз әйелін суға батырып өлтірген ер адамға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот мәліметіне сәйкес, ұзаққа созылған мүлік дауы нәтижесінде әйел күйеуімен ажырасқысы келген. Ажырасу кезінде оның жеке меншігінде тіркелген құны 125 миллион теңгеден асатын кәсіпорын әйелдің иелігінде қалуы тиіс болған, өйткені бұл кәсіпорын некеге қатысы жоқ жеке меншігі болған.
2024 жылдың тамыз айының ортасында ер адам әйелінен құтылуға бел буып, оның атына тіркелген кәсіпорынды мұра ретінде иемденуді көздеген. Ол әйелін табиғатқа демалуға апарып, қайықта жүзу кезінде суға түсіріп, батырып өлтірген.
Жәбірленушілер мен олардың өкілдері қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты
Айыпталушы қылмысын мойындамаған.
«Жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар ескеріліп – бұрын сотталмағаны, әріптестері мен қызметтестерінен алынған жақсы мінездемесі, сондай-ақ ауырлататын жағдайлардың болмауы негізінде сот К.-ны ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлім 8-тармағы бойынша кінәлі деп танып, орта қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген сот хабарламасында.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Талғардағы адам өлімі мен бала ұрлығы: Учаскелік инспекторға үкім шықты