Атырау облысының Доссор кентінде (Мақат ауданы) жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, елді мекен аумағында жеңіл автокөлік пен минивэн соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан бір отбасының екі баласы қаза тапты. Олардың бірі апат орнында, екіншісі ауруханада көз жұмған.
Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім 9,7%-ға азайды
Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың анасы ауруханада жатыр, жағдайы өте ауыр.