Кентау қаласында 16 жастағы Дамир Сүлеймен есімді жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
9 наурыз күні ол үйінен шығып, содан бері қайта оралмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оны іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдары жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан хабарласуды сұрайды. Байланыс телефондары: 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 немесе «102» арнасы.
Полиция кез келген ақпараттың маңызды болуы мүмкін екенін атап өтіп, тұрғындарды көмектесуге шақырады.
Түркістанда суға батып кеткен 8 жасар бала 4 күннен бері іздестіріліп жатыр