• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:40

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді

30 рет
көрсетілді

Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Кеңесте ұсынылған алдын ала деректерге сәйкес, наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының орташа өсу индексі 0,3% болды. Ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 0,9% еді. Яғни баға өсімі айтарлықтай баяулаған.

Жалпы алғанда, бірінші тоқсандағы баға өсімі 1,2% деңгейінде қалыптасты. Бұл 2025 жылдың осы кезеңіндегі 3,8% көрсеткішінен 3 есе төмен. Сарапшылар мұны баға динамикасының тұрақты түрде баяулап келе жатқанының белгісі деп бағалап отыр.

Кеңесте тұтыну бағалары индексі халықаралық әдістеме бойынша есептелетіні атап өтілді. Ол 537 түрлі тауар мен қызметті қамтиды. Баға мониторингі ел бойынша 12 000-нан астам сауда нысанында жүргізіледі. Ал ішкі сауда жүйесінде 760 000-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 300 000-нан астамы азық-түлік өнімдерін сатумен айналысады.

Бағаның негізгі төмендеуі көкөніс өнімдері есебінен тіркелді. Атап айтқанда:

Қырыққабат 1,9% арзандады; Қызанақ 2,6% төмендеді; Пияз 10,9% кеміді; Қияр 22,6% арзандады.

Жыл басынан бері қияр бағасы жалпы 31,1% төмендеген.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар саудасы заңмен реттелді

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова нарықты отандық өніммен қамтудағы оң өзгерістерді жылыжай шаруашылықтарын қолдау бағдарламасымен байланыстырды.

«Қазіргі уақытта министрлік өнеркәсіптік жылыжайлармен қызанақ пен қияр бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр», деді ол.

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жылыжайлардың жалпы аумағы 1,33 мың гектарды құрап, бір жылда 12,6 гектарға артқан. Әсіресе фермерлік жылыжайлардың үлесі өсіп, 713,3 гектардан 799,4 гектарға дейін ұлғайған.

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және әлеуметтік нанға арналған ұнды тасымалдауға теміржол тарифтерін төмендету мәселесін қарастырып жатыр.

Көктемгі маусымда бағаның өсу ықтималдығын ескере отырып, нарықтағы қорлар мен импорт мәселесі де талқыланды. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорларындағы өнімдер белсенді сатылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, қордағы қалдық көлемі жалпы қордың шамамен 24% құрайды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесі кеңейеді

Наурыз айының басынан бері ішкі нарыққа Қытайдан ерте пісетін көкөністер жеткізу жолға қойылған. Бүгінге дейін 3200 тонна картоп, 800 тонна сәбіз және 14 тонна қырыққабат әкелінді.

31 наурызда Сауда комитеті, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, ірі сауда желілері, KTZ-Express және QazTrade өкілдерінен құралған делегация Өзбекстанның оңтүстік өңірлеріне ерте өнім сатып алу үшін барады.

Бағаның төмендеуіне Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған жәрмеңкелер де оң әсер етті. Ел бойынша мереке күндері 200-ден астам жәрмеңке өтті. Жыл басынан бері олардың саны 1,5 мыңға жетті.

Ал «Nauryz sale» акциясына 70% дейін жеңілдік ұсынған 300 сауда субъектісі қатысып, 4 миллионнан астам адам қамтылды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар – басты назарда

Соңғы жаңалықтар