# Сұхбат

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Нұрлан Әбдіров: Біз үшін ең бастысы – сайлаушылар сенімі

Еуропа елдері сайлау ұйымдастырушылар қауымдастығының шешіміне сәйкес, әлемде жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Оның мақсаты – азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мен сайлау үдерісін жетілдіруге назар аудару. Сайлау жүйесі қызметкерлерінің биылғы кәсіби мерекесі Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орайлас келіп отыр. Аталған мерзімде еліміздің сайлау жүйесіндегі елеулі өзгерістер мен әлі де шешімін күткен мәселелер жөнінде біздің тілшіміз Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіровпен сұхбаттасқан еді.

Сұхбат • Бүгін, 08:20

Мәдіғали Қарсыбеков: Ұлттық құрамаға сенімді ізбасар даярлау керек

Ертең Италияның Милан, Кортина-д Ампеццо қалаларында ХХV қысқы Олимпиада додасы басталады. Төрт жылда айналып соғатын ақ аламанда есеміз кетіп, еңсеміз түсетін күйге етіміз үйренісіп кеткендей. Қысқы Олимпия ойындарында Әнұранымыз алғаш рет 1994 жылы шырқалды. Отыз жылдан асты, екінші рет ести алмай келеміз. Әнұранды шырқату былай тұрсын, саңлақтарымыз 2014 жылдан бері қысқы Олимпиаданың медалі қандай болатынын қолмен ұстап, жүрекпен сезінген емес. Топтанып барып, тапталып қайтып жүрміз. Білікті маман, ұзақ жыл шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері қызметін арқалаған Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВПЕН дүбірлі дода қарсаңында сұхбаттасып, әлеуетімізді сараладық.

Сұхбат • Бүгін, 08:13

Абат Пангереев, тополог: Ел мен жерді фольклор арқылы танытуға болады

Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін арттырып, оған әлем халқының қызығушылығын күшейту тапсырылған еді. Шетелдік саяхатшылар сапар шегетін елін таңдамас бұрын ашық дереккөздердегі ақпаратқа сүйенетіні белгілі. Әсіресе тарихы терең, аңызы ерекше мекендерге жұрт ағылып келеді. Бұл тұрғыда жер-су атауларының шығу төркінін, оған қатысты аңыз-әпсаналарды кеңінен таныстырудың маңызы зор. Осы мақсатта жер-су атауларының фольклорлық негізін зерттеп жүрген белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангереевпен сұхбаттастық.

Сұхбат • 31 Қаңтар, 2026

Юлия Бойл: Авторлық құқық пен әділ үлес мәселесі шешілмейінше, ЖИ-ді қолдану үлкен тәуекел болып қала береді

Қазақстанға жиырма жылдан кейін қонаққа келген халықаралық медиа сарапшы, FIPP жаһандық медиа қауымдастығының төрайымы, YPB Global Advisory компаниясының негізін қалаушы Юлия Бойлмен таяуда сұхбаттасудың сәті түсті. Маман KAZVRDIA HOLDING ұйымдастырған Qazaqstan Next форумына қатысты. Ол бізге берген шағын сұхбатында еліміздегі мәдени орта, жасанды интеллект пен жаһандық журналистиканың болашағы, сондай-ақ Қазақстан медиасының әлеуеті туралы ойымен бөлісті.

Сұхбат • 23 Қаңтар, 2026

Нұрлан Жұманиязов: Сахна адамның ішкі шындығын ашады

Үнсіздігімен ойландырып, сабырымен сендіретін, сахнада айқайсыз-ақ биік өнер тудыратын режиссерлер санаулы. Оның қолтаңбасы жалған ұраннан емес, ішкі дірілден, көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жететін терең тыныстан танылады. Сахна артындағы жалғыздық, шығармашылық мехнат, адам жанына деген іңкәрлік пен ішкі еркіндік оның болмысын айқын бейнелейді. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың жансарайына үңілгенде осындай ой түйдік.

Сұхбат • 22 Қаңтар, 2026

Тәттім Шәйкен, профессор: Қатерлі дерттің табиғатын анықтап, емдеуге мүмкіндік туды

Техас университетінің адъюнкт-профессоры Тәттім Шәйкен қатерлі ісік биологиясы саласында ұзақ жыл бойы зерттеу жүргізіп келеді. Кейінгі 10 жылда қатерлі аурудың себебін ген деңгейінде ғана емес, сонымен қатар физикалық-химиялық тұрғыдан зерттеп, таяуда жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Ғалымның жаңалығы қатерлі ісікпен қатар басқа да аурулардың себептерін зерттеп, емдеу тәсілдерін әзірлеуге жол ашады. Қазір бұл жаңалыққа әлем ғалымдарының назары ауып отыр. Белгілі ғалыммен Алматыға келген сапарында жолығып, ғылыми зерттеулері жөнінде әңгімелестік.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2026

Нұрасыл Бекматов: Құрылтай алаңында айтылған идеялар заңнамалық және бағдарламалық құжаттарға негіз бола алуы қажет

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалардың жүйелілігі мен сабақтастығын тағы бір мәрте айқындады. «JASYL EL» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының басшысы Нұрасыл Бекматовтың пікірінше, бүгінгі бастамалардың басты ерекшелігі – олардың жекелеген өзгерістер жиынтығы емес, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатқа бағындырылған тұтас модель ретінде жүзеге асуында. Парламенттің рөлін күшейту, қоғамдық диалогты институционалдық деңгейге шығару, өңірлік теңсіздікті азайту, әлеуметтік әділеттілік пен жауапты мемлекет қағидаттарын нақты саясатқа айналдыру – осы реформалардың мазмұндық өзегіне айналып отыр. Сарапшының айтуынша, Қызылордадағы Құрылтайда айтылған бастамалар «Жаңа әділетті мемлекет» моделін нығайтып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің өзара сенімге негізделген жаңа сапалы қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

Сұхбат • 16 Қаңтар, 2026

Нүкетай Мышбаева: Ұлт театрының рухани байлығы таусылмайды

Театр – өткеннің үнін өшірмей, бүгінге аманат етіп жеткізетін рухани шежіре. Сол шежіренің бір ғасырлық жүгін арқалап келе жатқан киелі орда – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры. Бұл сахнада талай тағдыр тоғысып, сан ұрпақтың рухы тәрбиеленді. Біртуар тұлғалардың қайталанбас ізі қалды. Қасиетті қарашаңырақ рухын өз өмірімен өрнектеген сондай сахна саңлағының бірі – Қазақстанның халық әртісі Нүкетай Мышбаева. Биыл кәсіби қазақ театрының құрылғанына 100 жыл толса, «әкемтеатрдың» анасы Нүкетай Мышбаеваның 90 жылдық мерейтойы. Бұл – жай ғана даталардың тоғысуы емес, өнер мен тағдырдың, жеке тұлға мен ұлттық сахнаның тарихи үйлесімі. Өйткені актрисаның өнер жолы – ғасыр жасаған ұлттық сахнаның тарихымен бірге тыныстаған тағдыр, бірін-бірі толықтырған өнер мен тағдырдың мерейлі межесі десек, титтей де артық айтқандығымыз емес. Атаулы мерейтойлар қарсаңында өнерінің өнегесі мен театрдың тағылымды тарихын тереңнен толғаған актриса жансарайын ашып, өткен күндер естелігін бөлісті.

Экономика • 15 Қаңтар, 2026

Райымбек Баталов: Басты миссиямыз – кәсіпкерлердің мүддесін қорғау

Ел экономикасының күш-қуаты бизнестің әлеуетіне көп байланысты. Сондықтан мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, еліміздегі іскер азаматтарды көбейтуге, оларға мүмкіндіктер жасауға айрықша көңіл бөліп келеді. Осы орайда бизнес пен билік арасында алтын көпір болып, кәсіп иелерін қолдап, мұң-мұқтажын ескеріп, мәселелерін шешуде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі орасан зор. Біз бизнес қауымдастығының бүгінге дейін атқарған ауқымды жұмыстары мен келешекте белгілеген меже, жоспарлары жөнінде ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен әңгімелескен едік.

Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02

Фото
Яндекс.Метрика