Үкімет • 16 Қараша, 2023
Әскери резерв қызметі құрылады
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында бірқатар маңызды заң жобасы қабылданды. Атап айтқанда, әскери саладағы резервтік қызмет, балалар құқықтары туралы конвецияны ратификациялайтын құжаттар талқыланды.
Бокс • 16 Қараша, 2023
Жүлдеден үміттілер жарысты ерте аяқтады
Астанада өтіп жатқан бокстан ересектер арасында VI жазғы спартакиаданың үшінші күні артта қалды. 13 қарашада жалауы желбіреген бәсекеде жүлдеден үміттілердің кейбірі жарысты ерте аяқтады.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлін әлсіретіп алмаудың маңызы зор. Алайда тал бесіктен басталатын тәрбиенің тізгіні нарықтың қатал заңына бағынышты болып кеткелі көп отбасындағы құндылық көк жәшікке телмірген жаңа ұрпақты өсіріп келеді. Сол үшін де бүгінгі ата-ана балаға беретін ізгілік қасиетті алдымен өз бойына дарытып, отбасы құндылығын санасына сіңіруі қажет. Астанада өткен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбындағы VIII Республикалық әкелер форумына жиналғандар осындай ой-пікірлерін ортаға салды.
Жемқорлық • 16 Қараша, 2023
«Жайлы мектептегі» жайсыз жемқорлық
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – ұрпақ үшін құнды жоба. Біріншіден, елімізде өзекті мәселеге айналған оқушы орын тапшылығын жоюға септігін тигізеді. Екіншіден, ауыл мен қала мектептеріндегі білім деңгейін теңестіреді. Үшіншіден, оқушыға жайлы жағдай жасап, сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Сондықтан жобаға бөлінген қаржының әр тиыны өз мақсатына жұмсалуға тиіс. Бірақ өкінішке қарай, білім ошақтарын жобалау кезінде құрылысқа арналған қаражат мөлшерін негізсіз ұлғайту фактілері анықталып жатыр.
Технология • 16 Қараша, 2023
Жасанды интеллект технологиясының жетістіктері жұмыс өнімділігінің артуына өз ықпалын тигізіп жатыр. Сонымен қатар көптеген салада тиімді көмекші құралға айналды. Бірақ, бір өкініштісі, жасанды зерденің қазақ тіліндегі мүмкіндігі ағылшын тіліндегідей деңгейге жете қойған жоқ. Дегенмен «Qazaq AI» платформасы ана тілімізге негізделген жасанды интеллектіні қолдану мен дамытуды күшейтуді қолға алған.