Мәдениет • 16 Қараша, 2023
Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшетін көшпелі қазақ әрқашан табиғатпен етене жақын өмір сүрді. Әртүрлі құбылатын табиғаттың дауысына, үніне үңілді, жанын түсінді. Жүгірген аңның, ұшқан құстың, жел-дауылдың, жаңбырдың, сықырлаған аяздың дыбысы қазақтың құлағына сіңіп өсті. Табиғаттың тылсым көріністеріне қанық ата-баба тұрмысында музыкалық аспаптардың көп болуы да осыдан болар. Мәселен, халық музыкасында үрлемелі аспаптардың алатын орны үлкен. Бұл аспаптарды ағаштан, қамыстан, сүйектен, мүйізден, мыстан және саз балшықтан жасаған. Мәселен, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, бұғышақ, мүйіз сырнай, қамыс сырнай, мессырнай...
Мәдениет • 16 Қараша, 2023
Қуаныш Мақсұтов: Ақындар айтысының болашағы зор
Қазақтың «Сары тентегі» ретінде танылған ақын, бард Қуаныш Мақсұтов асқаралы белеске қадам басты. Өнерге, өлеңге, мәдениетке деген жанашырлығы оны қайраткер етті. Шертпе күй өнерінің үлкен жоқтаушы өкілі де. Жақында айтыскер шығармашылық кешін өткізіп, халыққа есеп бермекші. Осы іс-шара қарсаңында ақынды әңгімеге тартқан едік.
Тағзым • 16 Қараша, 2023
Әлкей Марғұланның ескерткіш-мүсіні ашылды
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде тағы бір жақсы жаңалық болды. Өткен жылы университетке есімі берілген қазақтың көрнекті ғалымы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның ескерткіш-мүсіні орнатылды.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Түркияның ғасырлық тойына арналды
Астанада Халықаралық Түркі академиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйытқы болуымен «Түркия Республикасының 100 жылдық белесінен – Түркі әлемінің болашағына» атты халықаралық конференция өтті. Алқалы жиынға дипломатиялық миссия қызметкерлері, қоғам және мемлекет қайраткерлері және түрколог-ғалымдар қатысты.
Руханият • 16 Қараша, 2023
Таяуда ғана Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Алыс та жақын Ақан Нұрманов» атты ғылыми-практикалық конференция өреліліктің өнегесіндей шықты. Біз Астанаға келгелі ширек ғасыр болып қалды. Осы жылдар ішінде бұл қалада Ақан Нұрмановтың 70 немесе 80 жылдығы аталғаны есте жоқ еді. Қаламгердің 90 жылдығын лайықты атап өту – Жазушылар одағының жол, жөн білгендігінің белгісі.