Сұхбат • 16 Қараша, 2023
Бауыржан Тахауов: Иран құрамасын еңсеру мүмкін болмады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ІV жазғы Азия параойындарында отырып ойнайтын волейбол спортынан ұлттық құрама күміс медаль олжалады. Мақсатты меже – Азия параойындарының алтын жүлдесі еді. Бауыржан Тахауов бастаған бапкерлер жігіттерді жани отырып, 1994 және 1998 жылдары жеткен жетістікті қайталауға барын салуға сендірген, бірақ бұйырмады. Білікті маман Жәнібек Сауранбаев баптаған жылдары отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрама ойыншылары (сол кезеңде командада Бауыржан Тахауов та ойнады – ред.) чемпиондық тұғырға екі мәрте көтерілді. Міне, содан кейін арада 25 жыл өткенде жазғы Азия параойындарының финалына шығып, азуы алты қарыс, даңқы жер жарған Иран құрамасына есе жіберді. Ендігі дода – келесі жылы өтетін Париж жазғы паралимпиадасы. Бас бапкермен дидарласып, Азия параойындарында жігіттердің қандай қайрат қылғанын, не жетіспегенін сұрадық.
Энергетика • 16 Қараша, 2023
Мажарстан профессоры энергетиканы интеграциялау бойынша дәріс өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Globalia» компаниясының бас директоры, Мажарстан профессоры Габор Шаги «Қазақстанның энергия тізбегіне жаңартылатын энергетиканы интеграциялау мүмкіндіктері» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.
Алматы • 16 Қараша, 2023
NIS оқушылары Америкадан жеңіспен оралды
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Америкада өткен «Yale Tournament of Champions-2023» жаһандық академиялық сайыстың жеңімпазы атанды.
Әлем • 16 Қараша, 2023
Паулина Джонс: Мүмкіндіктерге жол ашқан көпвекторлы саясат
Қазақстанның сыртқы саясатын зерттеп, халықаралық конференцияларда, сол сияқты түрлі жиындарда баяндама жасап жүрген ғалымдардың бірі – саясаттану ғылымдарының профессоры, Мичиган (АҚШ) университетіндегі цифрлық Исламтану бағдарламасының (DISC) директоры Паулина Джонс.
Маман • 16 Қараша, 2023
Әлемдік нарықтағы қазақ IT мамандары
Жаһандық экономикадағы ең жылдам дамып келе жатқан сала – IT-индустрия. Сарапшылардың пікірінше, биыл әлемдік IT-нарықтың көлемі 4,5 трлн долларға жетеді. Өркениет өріс алған бұл саладан отандық IT мамандар да ойып тұрып орын алып жатыр.