Саясат • 16 Қараша, 2023
Былтырғы қасіретті қаңтар қоғамымызды дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік жылдарында тындырылған істерді сыни тұрғыдан қайта бағалауға түрткі болды. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары еліміздің дамуына кедергі келтірген суперпрезиденттік билік жүйесінен өз еркімен бас тартып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын және Әділетті Қазақстан құру идеясын ұсынды. Ал 2022 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет», деп мәлімдеді.
Халық • 16 Қараша, 2023
Бүгін – халықаралық толеранттылық күні. Атаулы күнді БҰҰ азаматтар мен қауымдастықтар арасындағы толеранттылық пен өзара түсіністік қағидаттарын ілгерілету және қолдау үшін белгіледі. Бұл күн әлемдегі бейбітшілік, тұрақтылық және үйлесімді өмір сүруді ілгерілетудегі толеранттылықтың маңыздылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Елорда • 16 Қараша, 2023
Жаңа техника мен технология – Астанада
Кеше Астанада XIX халықаралық «Kaztraffic-2023» көрмесі басталды. Дәстүрлі іс-шара Көлік министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. ЭКСПО Халықаралық көрме орталығының үлкен залында Қазақстан мен басқа да көптеген елдердің автожолдарды жасау мен жаңғыртуға қажет техника-технологиялар, жол төсенішіне пайдаланатын материалдардың ондаған түрі қойылды.
Экономика • 16 Қараша, 2023
Қарағанды экономикасындағы ілгерілеу
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. Аймақ басшысы әуелі Костенко шахтасында қаза болған кеншілерге көрсетіліп жатқан көмек жөнінде әңгімеледі.
Экономика • 16 Қараша, 2023
Экономиканың қай саласында өсім бар?
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.