Құқық • 16 Қараша, 2023
Зорлыққа ұшыраған әйел қайда жүгінеді?
Әйелдердің дені күйеуінен жәбір көрсе, қайда шағымдануды, кімге барып көмек сұрауды біле бермейді. Зомбылыққа ұшыраған жағдайда не істеу керек? Жанжал шығарушыға қандай жаза қарастырылған?
Сұхбат • 16 Қараша, 2023
Альбина МАУТОВА: Конституциялық сот құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтады
Биыл 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот жаңартылған форматта қайтадан жұмыс істеп келеді. Президент, Парламент депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Бас прокурормен қатар қарапайым тұрғындарға да Конституциялық сотқа тікелей жүгіну құқығының берілуі – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі. Біз Бас прокуратураның Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Альбина МАУТОВАҒА жаңа органның қызметі және Бас прокуратурамен байланысы жайында бірнеше сұрақ қойған едік.
Еңбек • 16 Қараша, 2023
Шет ауданы, Жоғары Қайрақтыға қарасты Майбас қыстағында Арайлым есімді келіншек трактор тізгіндеп, шөп шабады. Онымен қоса, үйіндегі шаруасын да шашау шығармай өзі атқарады. Күнделікті тамағы, сауатын сиыр-биесі бар, тартатын сүті, шайқайтын майы, жаятын құрты бар дегендей...
Тұлға • 16 Қараша, 2023
Ел абыройын асқақтатқан азамат
Таң бүгін ерекше арайлана атқандай. Оңтүстіктің алтын күзі де сан алуан түске боялған жапырақтармен сұлулана түскен. Табиғаттың осы бір тамаша көрінісінің эстетикалық әсері қазақтың хас батыр ұлының жайма-шуақ жаратылысын еске түсірді. Шығыстан жарқырай шығып, арқан бойы көтерілген күн оның мейірімге толы мөлдір жанарын елестетті. Әуезді қоңыр үні, жұмсақ даусы дәл жанымнан шыққандай, шырайлы Шығысын, тарихи атамекені – Жарма мен Қалбасын, әйгілі Ақшәулісін айтып тауыса алмас әсерлі әңгімесін дәл қазір естігендей елең ете қалдым. Ойымды самал желмен жерге түсіп жатқан жапырақтардың сыбдыры бұзды. Таңғы салқын серпілткен санама ұялаған дүниені қағаз бетіне түсіруге асығып, үйге ендім. Әңгімеміздің арқауы – Дәулет. Дәулет Болатұлы! Патриот. Балуан. Саясаткер. Кәсіпкер.
Өнер • 16 Қараша, 2023
«Қой асығы демегін, қолыңа жақса, сақа тұт, Жасы кіші демегін, ақылы асса, аға тұт» Халық даналығы Егемен еліміз бен тәуелсіз мемлекетімізді бүкіл әлемге паш етіп, аспан түсті байрағымызды үлкен мақтанышпен желбіретіп жүрген ұлтжанды жастарымыз туралы сөз қозғағанда, бармақтайынан өз ортасынан суырылып шығып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан әрі ақпарат құралдарында «Қазақтың Моцарты» атанып жүрген ғажайып талант иесінің бірі емес, бірегейі және заманауи классикалық музыка өнерінің хас шебері, сондай-ақ өзінің кәсіби саласы бойынша толағай табыстарымен өз отанымызда да, алыс-жақын шетелдерде де жүйелі өткізіліп келе жатқан дәстүрлі халықаралық сайыстарда көш бастап, сүбелі жүлде алып жүрген пианист әрі ғалым-композитор Рахат-Би Төлегенұлы Әбдісағиннің бірден ойға оралып, тілге тиек болатыны жайдан-жай емес. Өйткені бұлай деуге негіз болатын дәлелді дәйектер жетіп артылады.