Ауыл • 17 Қараша, 2023
Ауыл тынысы әрдайым Президент назарында
Еліміз қараша айының үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері күнін мерекелейді. Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығы – ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу туралы Үкіметке тапсырма беруінің бір жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Содан бергі бір жыл ішінде ауыл шаруашылығына үлкен бетбұрыс жасалып, ауқымды шаралар қолға алынды.
Балалар • 17 Қараша, 2023
«Ұлттық қор – балаларға»: Болашаққа бөлінген енші
«Қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады» дейтін халқымыз әр баланың өз несібесі бар екенін әуелден ескерген. Бұл, әрине, отбасының ырысын бала-шағаның несібесі деп санайтын түсінік қой. Бірақ біле-білгенге елдің де ен байлығында жас ұрпақтың еншісі бар екені белгілі. Енді осы игілікті іс жүзінде сезіндіретін, яғни әр балаға ұлт байлығынан несібесін бұйыртатын тың бастама «Ұлттық қор – балаларға» жобасы келесі жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен қолға алынған бұл көшелі бағдарламаны іске қосуға негіз болатын арнаулы заң жан-жақты зерделеніп әзірленді. Кеше осы заңға Президент қол қойды.
Еңбек • 17 Қараша, 2023
Экономикалық әлеуеті артқан Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы – халықтың жұмыспен қамтылған ең ірі секторы және ауданның ең негізгі саласы болып табылады. Бұл салада қызмет көрсететін 10 580 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тіркелген, яғни 10 117 жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы, 463 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 485,5 мың гектарды құрайды, оның ішінде егістік жер – 86,3 мың га, жайылымдық – 372,8 мың гектарды алып жатыр.
Халық • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы тұрғын да – жетісулық
Жетісумен қалай мақтансақ та жарасатындай. Еліміз- дегі 18, 19 миллионыншы тұрғындар Жетісу өңірінде дүниеге келгені белгілі. Енді, міне, 20 миллионыншы тұрғын да Талдықорғанда дүниеге келді.
Аймақтар • 16 Қараша, 2023
Ұлтымыздың қатпар-қатпар тарихы құшағына сыйдырған Ұлытауда Қазақ елінің 20 миллионыншы азаматы дүниеге келді. Сәби Сақ патшайымы Тұмар ханымның есімін иеленді.