Руханият • 19 Қараша, 2023
Поэзия • 17 Қараша, 2023
Қарағанды қарашығындағы қараша
Қарағандыда қала әкімдігінің қолдауымен тағы да поэтикалық кеш өтті. Бұл кеш бұрынғыдан өзгерек. Несімен десеңіз, баяғы қалыпты бұзып, жаңаша серпіліс сыйлағанымен. Өлең оқылғанымен қоса, ақындардың жартысы ән шырқады. Бір сағатқа жуық уақыт Қарағандыдағы әдеби ортаның қалыптасу кезеңін көрерменнің көз алдына әкелді.
Сұхбат • 17 Қараша, 2023
Аманжол Қалыш: Бүгінгідей өсу қарқыны сақталса игі
Кеше Алаш жұрты бөркін аспанға атып қуанған күн болды. Қазақ елі тұрғындарының саны 20 миллионнан асты. Біз осы тарихи сәтке орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, этнограф ғалым Аманжол Қалышқа бірнеше сұрағымызды қойған едік.
Аймақтар • 17 Қараша, 2023
Егістікті әртараптандыру – уақыт талабы: Өңірде авокадо, манго, лимон, банан өсіріледі
Ерте көктемнен бастап қара күзге дейін бел жазбай еңбек ететін диқан қауымы үшін төккен тердің босқа кетпеуі, яғни өнімін ысырапсыз жинап алу маңызды. Бұл орайда Түркістан облысының шаруалары бүгінде шығыны мен кірісін есепшотқа салып, ертеңгі күннің қамын жасауда. Қара күз бен қыстың алғашқы айын бел жазар сәт десе болар. Алайда бір алқаптан 2-3-рет өнім алатын, қаңтарда жаңасының дәнін салатын диқандар жұмысын жалғастырып жатыр.
Қазақстан • 17 Қараша, 2023
Ел мерейін асырған нәрестелер Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола, Түркістан облыстарында дүниеге келді
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш халық санағы 1999 жылы өткені белгілі. Сынақ нәтижесінде ел халқының саны азайғанымен, қазақтың үлесі ғасырға жуық уақыттан кейін тұңғыш рет 50 пайыздан асқанына бір қуандық. Келесі 2009 жылғы санақта Қазақ елінің тұрғындары 16 миллион адамнан асып жығылып, тәуелсіздік алған тұстағы деңгейге жеттік деп тағы да қуанышымыз қойнымызға сыймады. Енді, міне, кезекті тарихи сәт келіп жетті: біз 20 миллион болдық!