Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Қолжазбаларды зерттеу жанданады
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу базасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында қазақ зерттеушілері АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард университетіне ғылыми іссапармен барды. Жоба «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» деп аталады.
Басылым • 24 Желтоқсан, 2025
Аты аңызға айналған қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының туғанына бүгін 115 жыл толды. Осы қарсаңда қаһарман тұлға туралы 10 томдық еңбек жарық көрді. Кітаптың авторы – белгілі жазушы, профессор Мамытбек Қалдыбай.
Саясат • 23 Желтоқсан, 2025
Орталық Азия – Жапония: Көпвекторлы ынтымақтастықтың ерекше форматы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласында өткен «Орталық Азия – Жапония» диалогінің бірінші саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ бұл саммитке Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Сенат • 23 Желтоқсан, 2025
Цифрлық және Құрылыс кодекстері қаралады
Сенаторлар 25 желтоқсан күні еліміздің цифрлық кеңістігін қорғауды арттырып, технологиялық тәуелсіздікті нығайта түсетін заңдарды қарайды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бюро отырысында мәлімдеді.
Тағзым • 23 Желтоқсан, 2025
Қабырғамыз сөгілді, ет жүрегіміз езілді, ел егілді. Бұл енді халықтың қайғысы, елдің қайғысы дер едім. Ұлы талант, ұлы тұлға өмірден өтті. Бар ғұмырын елдің рухани дамуына арнаған, елдің рухы биік болу үшін көз ілмеген, жанкешті жұмыс жасаған аңыз адам, абыз адам өмірден өтті. Алатау аласарғандай, Алаштың аспаны қоса тарылғандай күй кештік.